top of page

САПАР ЫСҚАҚОВ - Ұйымдастыру комитетінің төрағасы және Бас демеуші

 

      Сапар Ысқақов – белгілі меценат, 2005, 2006, 2008 жылдары «Жыл таңдауы» байқауында үш рет «Жыл адамы» – «Алтын Адам» атағын, 2007 жылы «Ғасыр меценаты» (Мәскеу) атақтарын иеленген. Қазақстанның «Құрмет» орденін, Ресейдің – «Рубинді крест», «Держава», Ұлыбританияның «Королева Виктория» атындағы, Швейцарияның халықаралық «Алтын медаль» ордендерін иеленіп, Елбасының құрметті дипломын алды. Халықаралық меценаттар, Халықаралық туризм және спорт академияларының академигі. Екі рет «Алтын компаспен» марапатталған. Мұнымен қоса Сапар мырза – Мәскеудің 850 жылдығы атындағы саябақтың «Ұлт мақтанышы» атты меценаттар аллеясына есімі жазылған жалғыз қазақ.

     Әлемнің 6 құрлығының 100-ден астам елін аралаған жиһанкез, жер шарының Оңтүстік (Антарктида) және Солтүстік полюстерге (Арктика) барып, Қазақстанның көк байрағын желбіретіп қайтты. 2009 жылы МИГ-29 ұшағымен Стратосфераға көтерілді (22 км).

      Сапар Ысқақов 2014 жылы «Елизавета Екінші Ханшайым» атты трансатлантикалық кемемен Жер шарын 119 күн ішінде аралап шығып, Қазақ жерінде өтетін дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттау шарасын өткізді.

і

.

bottom of page